Орталық коммуникациялар қызметінде «Қолайлы инвестициялық климат құру Қазақстанның маңызды мемлекеттік міндеті» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. 2018 жылғы 22-26 қазан аралығында Женевада 10–шы Дүниежүзілік мерейтойлық инвестициялық форум өтті, оған 12 Мемлекет басшысы мен ірі трансұлттық корпорациялардың 50-ден астам топ-менеджерлерін қоса алғанда, 6000-нан астам делегат қатысты. Инвестициялық форумда халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (ISAR) бойынша Үкіметаралық жұмыс тобының 35 - сессиясы өтті.