Қолайлы инвестициялық климат құру Қазақстанның маңызды мемлекеттік міндеті Орталық коммуникациялар қызметінде «Қолайлы инвестициялық климат құру Қазақстанның маңызды мемлекеттік міндеті» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Конференцияға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаментінің директоры Арман Бектурова қатысты. 2018 жылғы 22-26 қазан аралығында Женевада (Швейцария Конфедерациясы) 10–шы Дүниежүзілік мерейтойлық инвестициялық форум өтті, оған 12 Мемлекет басшысы мен ірі трансұлттық корпорациялардың 50-ден астам топ-менеджерлерін қоса алғанда, 6000-нан астам делегат қатысты. Инвестициялық форумда халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (ISAR) бойынша Үкіметаралық жұмыс тобының 35 - сессиясы өтті, онда Қазақстанның өкілі алғаш рет бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаментінің директоры - Бектурова Арман Тұрсұнқызы БҰҰ ISAR вице-төрағасы болып сайланды. ISAR шеңберінде аналитикалық зерттеулер, жыл сайынғы отырыстар мен семинарлар өткізіліп, халықаралық стандарттарды енгізуді жеңілдету үшін басшылық құжаттары дайындалады. Тұрақты даму бойынша материалдарды жариялау аясында 2018 жылдың 12 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi British Chamber of Commerce in Kazakhstan бірлесіп, «Бухгалтерлік есеп, аудит және оларды реттеудегі соңғы өзгерістер» тақырыбында конференция өткізу жоспарланып отыр. Бухгалтерлер мен аудиторлардың имиджін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 2018 жылғы 26 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Үздік бухгалтер» және «Үздік аудитор» атағына конкурс өткізу жоспарлануда, жеңімпаздарға жүлделерді тапсыру 2018 жылғы 12 желтоқсанда аталған конференцияны өткізу шеңберінде ресми марапаттау рәсімінде өтеді.

Теги других блогов: конференция Қазақстан инвестиция