2019 жылға тегін дәрілік қамтамасыз ету үшін дәрі-дәрмектердің 83% сатып алынды
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова айтты.
«Бүгінгі күні екі үлкен тендердің қорытындылары шығарылып, отандық өндірушілермен шарттар жасалды, шетелдік өндірушілермен келіссөздер жүргізілді. Қазіргі сәтте 2019 жылы дәрілік қамтамсыз етуге дәрі-дәрмектердің жалпы санынан 83% сатып алынды. Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына сатып алынған препарттарды жеткізу желтоқсан айының басында басталады, ал 2019 жылдың басынан бастап олар медициналық ұйымдарға жөнелтілетін болады», - деді Людмила Бюрабекова.
2019 жылға тегін дәрілік қамтамасыз етуге сатып алынатын дәрілер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізіміне 1144 позиция кіреді. Медұйымдардан алдын ала 203,5 млрд. теңге сомаға тізім бойынша өтінімдер келіп түсті. Биылғы жылы диспансерлік есепте 45 ауру бойынша тіркелген науқастарды амбулаториялық емдеу үшін 550-ден астам дәрі-дәрмектердің атаулары анықталды. Салыстыру үшін, ағымдағы жылы амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуге 482 атау сатып алынған.
Людмила Бюрабекованың айтуынша, ағымдағы жылдың тамыз айында Бірыңғай дистрибьютор сатып алу рәсімдерінің басталуы туралы жариялады. «Бүгінгі таңда екі кезеңдік екі тендердің қорытындылары шығарылды. Тендерлік рәсімдердің шеңберінде бүгінгі күнге дейін 72 млрд. теңгеге 350 позиция сатып алынды. Бұл артериялық гипертензия, қант диабеті, онкология, гемофилия, шашыраңқы склероз, жүрек жеткіліксіздігі, пневмония, тыныс демікпесі сияқты және басқа ауруларды емдеуге ТМККК шеңберінде стационарлық және амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету үшін дәрі-дәрмектер», - деп атап өтті Фармация комитетінің басшысы.
2019 жылы қазақстандық фармзауыттар шамамен 50 млрд. теңгеге сомаға 494 атауды жеткізетін болады. Бұл жүрек-қан тамырлары, қант диабеті, онкология, АИТВ және басқа аурулары бар емделушілерді амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету үшін дәрі-дәрмектер. Қазақстан Республикасында тіркелген аналогтары жоқ дәрілік заттардың 106 атауы шетелдік зауыттар-өндірушілерден тікелей сатып алынатын болады. Медициналық ұйымдар бұл препараттарға жалпы шамамен 43 млрд. теңге сомаға алдын ала өтінімдер берді. 2019 жылы ЮНИСЕФ және БҰҰДБ халықаралық ұйымдары арқылы 8,7 млрд. теңге сомаға дәрілік заттың 25 атауын сатып алу жоспарланып отыр.
«Бүгінгі күні дәрілік заттардың барлығы дерлік сатып алынды. Қазіргі уақытта сатып алынбаған, негізінен, медициналық мақсаттағы бұйымдар», - деп атап өтті Людмила Бюрабекова.
Сатып алу қорытындысы бойынша қазіргі кезеңде үнемдеу 16 млрд. теңгеден астам бюджет қаражатын құрады. 2018 жылы үнемдеу есебінен босатылған қаражат дәрілердің анықталған тапшылығын жабуға бағытталған болатын.
«СК-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріп өз сөзінде бірыңғай дистрибьютор өз жұмысында халықпен өзара іс-қимылға көп көңіл бөлетінін атап өтті.
«Бірінші кезекте, біздің жұмысымыздың көрсеткіші халықтың тегін дәрілік қамтамасыз етумен қанағаттанушылығы болып табылады. Сондықтан үзілістердің себептерін анықтау үшін мемлекетпен кепілдік берілетін дәрі-дәрмектерді алу кезінде науқастардың қай жерде және қандай проблемалармен бетпе-бет келетінін түсіну және болашақта мұндай жағдайлардың алдын алу үшін қандай шаралар қабылдау қажет екендігін түсіну өте маңызды», - деді Берік Шәріп.
Қазір компанияда халықты тегін дәрілермен қамтамасыз ету мәселелері бойынша 1439 байланыс орталығы іске қосылды. Науқастар Қазақстанның барлық өңірінен тегін 1439 нөміріне кез-келген қалалық телефонан қоңырау шала алады. Байланыс орталығының операторлары тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде диспансерлік есепте тұратын және амбулаториялық емдеуді алалатын пациенттер үшін тегін босатылатын қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізудің мерзімдері, көлемдері және жоспарланған мерзімі туралы ақпаратты береді.
Сондай-ақ, бірыңғай дистрибьютордың басшысы 2019 жылдың 1 қаңтарында медициналық ұйымдарда тегін дәрілердің бар болуы туралы электронды бірыңғай анықтама іске қосылатынын айтты. Анықтама интерактивті картаның форматында жасалған, онда науқастар медициналық ұйымдардың дәрілік заттарға өтінімдері бойынша барлық ақпаратты: өтінімдегі дәрі-дәрмектерді атаулары мен көлемі, олардың қазіргі кездегі бар болуы, сондай-ақ келесі жеткізу уақыттарын онлайн режимде өздері көре алады.
